ИСКУССТВО АЙТЫСА

БАЛЕТОВЕДЕНИЕ
19.04.2019
Правила приема 2020
13.05.2019

AЙТЫС ӨНЕРІ

          «Айтыс өнері» мамандығына орта білімі мен арнайы орта білімі бар 21 жасқа дейінгі талапкерлер қабылданады. Олар алдымен шығармашылық байқаудан, шығармашылық емтиханнан өтеді. Жалпы білім деңгейі, ақындық, музыкалық қабілеті, тілдік қоры, тіл тазалығы (дикциясы), мәдениеттілігі ескеріледі.

Алғашқы шығармашылық байқау:

           Талапкердің суырыпсалмалық қабілетіне аса мән беріледі. Талапкер айтыс мақамдарын домбырамен сүйемелдей алу тиіс. Ой ұшқырлығын, тапқырлығын, тіл байлығын көрсете алуы керек. Дауыс диапазоны кең, дауыс бояуы (тембр) әуезді болуы маңызды.

Шығармашылық емтихандар:

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

· қазақтың халық әндерін мен халық композиторларының әндерін домбыра сүймелдеуінде орындау;

· айтыс ақындарының айтыс мәтіндерін жатқа айту немесе орындау;

2. Әдебиет пәні. (билет бойынша).

Талаптар

           Әдебиет пәні емтиханында тапсырма жазбаша (шығарма және теория бойынша жұмыстар) және ауызша түрінде қабылданады

Шығарма (жазбаша): берілген тақырып бойынша өлең құрастыру (10-15 шумақ). Орындалу уақыты – 25 минут.

Ауызша: (орындалу уақыты – 1 сағат):

— Фольклор бойынша;

— Ауыз әдебиеті бойынша;

— Қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы бойынша.

— Ескі және қазіргі айтыстардың айтыс мәтіндерін жатқа айту, айтыс мәтіндеріне анализ жасау.

 

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ «ТРАДИЦИОННОЕ МУЗЫКАЛЬНОЕ ИСКУССТВО» — 5В040400

СПЕЦИАЛИЗАЦИЯ «ИСКУССТВО АЙТЫСА»

        На специальность «Искусство айтыса» принимаются абитуриенты в возрасте до 21 года, имеющие среднее образование и среднее специальное образование. Они сначала проходят творческий конкурс, творческий экзамен. Учитываются уровень общего образования, поэтические и музыкальные способности, языковой фонд, чистота языка (дикция), культура.

Требования к Творческому конкурсу:

        Особое значение придается стрессовым ситуативным способностям абитуриента. Абитуриент должен сопровождать пословицы айтыса на домбре. Должен продемонстрировать остроумие, находчивость, богатство языка. Важны широта диапазона, тембровая окраска и мелодичность голоса.

Требования к Творческому экзамену:

1.Исполнительское искусство.

Требование

1) исполнение казахских народных песен и песен народных композиторов в сопровождении домбры;

2) воспроизвести по памяти текст айтыса акынов или исполнить наизусть айтыс;

2.Письменная работа (сочинение).

Требование

-сочинить стихотворений на заданную тему (10-15 куплетов). Время выполнения – 25 минут.