Қашықтан оқыту

«Электронды каталог» қолдану нұсқаулығы
17.11.2020
Метеп-интернат, колледж кітапханасы
18.11.2020

            Қашықтан оқыту – білім алушы мен профессор-оқытушы құрамы қашықтықтан немесе толық емес қашықтықтан өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту түрі.

Оқу процесінде қашықтықтан оқытудың келесі технологиялары қолданылады:

  • вебинар;
  • видео сабақ;
  • он-лайн режимінде оқыту;
  • on-line, off-line режимдерінде қашықтықтан оқыту.

 

 

Қашықтан оқыту бойынша білім беру бағдарламалар

 

Шифр Білім беру бағдарламасы тобының атауы Білім беру бағдарламасы
6B02106 РЕЖИССУРА ТЕЛЕДИДАР РЕЖИССУРАСЫ
6B0108816 ӨНЕРТАНУ ӨНЕРТАНУ
6B0108823 АРТ – МЕНЕДЖМЕНТ АРТ – МЕНЕДЖМЕНТ
6В02180 МЕДИАЖУРНАЛИСТИКА МЕДИАЖУРНАЛИСТИКА

 

 

Бакалавриат мамандықтар бойынша қашықтықтан оқыту төлемақысы 362 207 тг./жыл.

 

Мүмкіндіктер:

  • Уақыт таңдау: Сіз бос уақытыңызда оқи аласыз
  • Орынды таңдау: Тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орнында оқуға болады
  • Барлық жерде қашықтықтықта болу: Online дәрістер, семинарлар және консультациялар
  • Оқыту: Кез келген мамандықта оқып кәсіпкерлік модульді меңгеруге болады. Бұрын өтілген пәндерді қайта есептеу мүмкіндігі
  • Стандарт: Мемлекеттік үлгідегі диплом
  • Оқытушылар: Профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары кәсіби деңгейі
  • Төлемақы: Оқу ақысын ыңғайлы төлем формасы
  • Қолдау: Академиялық кеңесшілердің көмегі

Қашықтықтан оқытуда кімдер оқи алады?

  • Орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және екінші жоғары білім алуға тілек білдірушілер;
  • Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға, соның ішінде I және II топ мүгедектері;
  • «Болашақ» стипендианттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тысқары жерде білім алушылар;
  • Жоғары білім деңгейінде жедел әскери қызметке шақырылған, сырттай оқу бөлімінің студенттері;
  • Жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан аса) сырт жақта іссапарда жүргендер.

Білім алушылардың міндеті:

  • Білім алушылар компьютермен, электронды поштамен және Ғаламтор желісімен жұмыс істей білуі тиіс.
  • Білім алушылардың дербес компьютеріне тұрақты түрде хабар алмасып тұруға мүмкіндік болуы тиіс.
  • Компьютер Internet желісіне қосылуы тиіс.
  • Білім алушылар электронды пошталарының тұрақты мекенжайы болуы тиіс.

 

Виртуальный ассистент