ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ТАПСЫРЫС АЛУҒА ӨТІНІМДІ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

Оқу ақысы бойынша ақпарат
30.11.2020
ЭСТРАДА ВОКАЛИСІ
23.04.2021

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ТАПСЫРЫС АЛУҒА ӨТІНІМДІ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

Кітаптар мен мерзімді басылымдарға тапсырыс беру

Қорды қалыптастыру және ғылыми өңдеу (каб.144) оқытушылардың келісімі бойынша кітапхана қорын оқу және ғылыми әдебиеттермен, мерзімді және ақпараттық басылымдармен жинақтайды.

Кітапхананың қорында әдебиеттер туралы ақпаратты «электронды каталогтан» таба аласыз, сілтеме: http://82.200.143.69/lib 

Кітапхана оқу және ғылыми үрдіске қажетті әдебиеттерді оқытушылардың тапсырысымен алады.

 

Әдебиеттерді таңдау үшін Сіз төмендегілерді пайдалана аласыз:

– кітапханамен танысу үшін кафедраларға берілетін баспалардың тақырыптық жоспарлары, каталогтары мен прайс-парақтары;

– Академия сайтында ҚазҰӨА кітапханасы бөлімінде орналасқан баспалар тізімімен: «баспалар» сілтеме: ????

– интернет желісіндегі баспалардың сайттарында орналастырылған каталогтары мен прайс-парақтары;

– кітап дүкендерінің сайттарында орналастырылған бағалар тізімдері.

 

ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫРУ

Оқу әдебиетін сатып алуға өтінімдерді қабылдау қорды қалыптастыру және ғылыми өңдеуде жүзеге асырылады (каб.144). Өтінімнің арнайы бланкісінде: «Тапсырыс», сондай-ақ оларды «тапсырыс» нысаны электрондық мекенжайы бойынша жіберуге болады.