Контактные данные: 272-43-98 | Email: kaznai_magister2020@mail.ru |


Докторантура - бұл білім беру бағдарламалар бойынша «философия (PhD) докторы» жоғары академиялық дәреже алуға мүмкіндік беретін, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық бағытта әдіснамалық және зерттеу дайындығы бар, сондай-ақ ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын кәсіптік жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы докторлық бағдарламалар бойынша ғылыми, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық қызмет салалары үшін жоғары ғылыми білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Докторлық диссертацияны дайындау жоғары ғылыми белсенділікпен, академиялық ұтқырлықпен үйлеседі және жоғары ғылыми біліктілік – философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.

ДОКТОРАНТУРА (PhD)

7

Білім беру бағдарламалары:

Доктрантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау комиссиясы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында қабылдайды.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4 мен 20 тамызы аралығында өткізіледі.

Оқуға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Докторантураға қабылдау туралы бұйрық


Бізбен бірге шыңдал!

ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына және халықаралық «Болашақ» бағдарламасына түсушілердің назарына

Биылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің 2022 жылғы 3 мамырдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі докторантура үміткерлеріне міндеттелді.

Осыған орай, докторантураға құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін растау мақсатында республиканың барлық қалаларында кез келген бес деңгей (А1-С1) бойынша сертификаттық тестілеуден өтуді ұсынамыз.

Сондай-ақ, В1 (Орта) деңгейі бойынша сертификаттық тестілеуге қатысуға өтінімді «Болашақ» бағдарламасы, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар жібере алады.

Маусым айында өтетін тестілеуге қатысу үшін өтінімді төмендегі сілтемеде ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы қалдырсаңыз болады:

https://forms.gle/25uz2jjKnXCdUE6Q6

Нұр-Султан қаласында QAZTEST-ке тіркелу

http://kazakhtest.kz/kz/

Басқа қалаларда QAZTEST-ке тіркелу

http://kazakhtest.kz/news/576657/

http://kazakhtest.kz/kz/news/576656/

Онлайн төлем

https://cabinet.testcenter.kz/#/login

Байқау тестілеу

http://kazakhtest.kz/kz/auth/

  • QAZTEST-ке қатысты сұрақтар бойынша:
  • 8 (7172) 69-52-84
  • 8 (7172) 69-52-85
  • Құжаттар тапсыру, шетел тілі және т. б. қатысты сұрақтар бойынша:
  • 8 (7172) 69 50 97

Толық ақпарат алу үшін: www.kazakhtest.kz