7М02107 – «Актерлік өнер» / «Драма театрының актері»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«АКТЕР ШЕБЕРЛІГІ ЖӘНЕ РЕЖИССУРА» кафедрасы

 

7М02107 – «Актерлік өнер» / «Драма театрының актері»

білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

1 Пән. «Актер шеберлігі»

  1. Театр өнерін неге біз ұжымдық өнер деп есептейміз?
  2. Спектакльдің оқиғалар легі? Рольдің перспективасы?
  3. Қойылымның әрекет арқауы? Рольдің әрекет арқауы?
  4. Бағалау процессі дегеніміз не? Сахналық қарым-қатынас дегеніміз не? Бұл элементтер ненің құрамына кіреді?
  5. Актер шығармашылығындағы мақсат және түпкі мақсаттың маңызы?
  6. Әрекет және кері әрекет.
  7. Ұсынылған шартты жағдайдың анықтамасы.
  8. К.С.Станиславский: актердің өзіндік жұмысы.
  9. Сөз астары және екінші план.
  10. Зейіннің түрлері.
  11. Рольдің пластикалық шешімі. Биомеханика.
  12. Психикалық және физикалық әрекет, олардың айырмашылығы.
  13. Сахналық бейненің өмірбаяны мен мінез-құлқы қалай жасалады?
  14. Мизансцена маңызы және оның түрлері.
  15. Диалогтың, монологтың және паузаның қойылымдағы міндеттері.
  16. Әрекет арқылы талдау тәсілі және оның актер шығармашылығындағы маңызы.
  17. Бастапқы оқиғаның маңызы.
  18. «Өзіңнен бейнеге, бейнеден өзіме» деген ұғымды қалай түсінесіз?
  19. Драмалық шығарманың жанрын анықтау: Автор? Режиссер?
  20. Әрекет пен қарым-қатынасты жеткізудің тәсілдері.
  21. Сахналық бейне және қойылымның атмосферасы.
  22. Актерлік өнердегі «Сезім шындығы» мен «форманың» байланысы. Іс-әрекеттер тізбегі.
  23. Рольдің өрістеуі.
  24. Рольдің логикасы және іс-әрекеті.

 

2 Пән. «Сахна тілі»

  1. Сахна тілі. Оның негізгі ерекшеліктері
  2. Қазақ театрындағы тіл өнерінің тууы және қалыптасуы
  3. Тыныс алу қанша түрге бөлінеді?
  4. Қалыпты тыныс алу үшін қандай жаттығулар жасау керек?
  5. Қалыпты тыныс алуға машықтандыру үшін қандай мәтіндерді қолдану қажет?
  6. Дикциямен жұмыс істеуді қалай ұқтырасыз?
  7. Болашақ актерға демнің мәні мен маңызы
  8. Сөйлеу аппаратының құрлысы және жұмысының негізгі принциптері
  9. Сөйлеу техникасын қалай меңгеруге болады?
  10. Қазақ тілінің дауысты, дауыссыз дыбыстарын сахнада дұрыс дыбыстау үшін не істеу қажет?
  11. Орфография дегеніміз не?
  12. Орфоэпия дегеніміз не?
  13. Қазақ тіліндегі фольклорлық мәтіндерді пайдалану ерекшеліктері
  14. Кідіріс, және оның түрлері
  15. Регистр түрлері
  16. Актер дауысының мүмкіндігін қалай дамытуға болады?
  17. Монолог деген не?
  18. Ақ өлең дегеніміз не?
  19. Ақ өлеңнің ерекшеліктері деген не?
  20. Өлең оқудағы ырғақ пен ұйқастың түрлері
  21. Өлең яғни поэзия оның оқу ерекшеліктері
  22. Эпостармен жыраулардың оқудың актер шығармашылығына ықпалы?
  23. Сөз астары қайдан пайда болады?
  24. Тактыге бөліп сөйлеу деген не?
  25. Дауысты және сөз сөйлеуді дамыту жолдары.

 

3 Пән. «Қазақ театрының тарихы»

  1. Халық фольклоры мен ауыз әдебиетіндегі театрлық нышандар.
  2. Қазақстан жерiндегi алғашқы сахналық өнер үйірмелері.
  3. Қазақ театр өнерінің тууына орыс мәдениетінің ықпалы.
  4. Жүсіпбек Аймауытов және театр.
  5. 1920 жылдардағы қазақ драматургиясының қалыптасуы
  6. Қазақтың ұлттық мемлекеттік театрының құрылуы
  7. Актерлік және режиссерлік өнердің қалыптасуы мен дамуы (1930 ж.)
  8. М.Әуезов драматургиясының көркемдік ерекшеліктері
  9. Жұмат Шанин – актер, режиссер, драматург.

10.М.Әуезовтың театрлық-эстетикалық көзқарасы.

11.Ұлттық классикалық шығармалар негізінде сахналанған қойылымдар (1930 – 1960 ж.)

  1. Қазақ театрының дамуына орыс режиссерлік мектебінің ықпалы(1930 ж)
  2. Қазақ музыкалық театрының ашылуы мен даму жолдары.
  3. Қазақ театрының негізін қалаған қайраткерлер.
  4. Қазақ актерлік өнерінің дамуы (1960 – 1990 ж.).
  5. Б.Майлин пьесаларындағы комедияның табиғаты.
  6. Соғыс жылдарындағы театр өнері (1941 – 1945 ж.)
  7. Драматургиядағы «тартыссыздық теориясы»
  8. Шыңғыс Айтматов және қазақ театры
  9. Ғ.Мүсіреповтің драматургиялық шығармалары
  10. Жастар мен балалар театрының даму бағыты
  11. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы қазақ театрының даму бағыттары
  12. Ә.Мәмбетов және қазақ театры
  13. Қазақ қуыршақ театрының ашылуы мен қалыптасуы.