7М02116 – «ДИЗАЙН» / «Интерьер дизайны» (қаз)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«ДИЗАЙН» кафедрасы

 

7М02116 – «ДИЗАЙН» / «Интерьер дизайны»

білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

1 пән. «Материалдық мәдениет және дизайн тарихы»

 

  1. Қазіргі қоғамдағы дизайн және оның рөлі. Заманауи дизайнның түрлері мен бағыттары.
  2. XX ғасырдың стильдік бағыттары. Минимализм.
  3. ХХ ғасыр дизайнының дамуы. Қазіргі заман өнері және дизайн.
  4. Қайта өрлеудің интерьерлері. Ренессанс стилінің негізгі сипаттамалары.
  5. Постмодернизм. Негізгі ерекшеліктері мен ақпараттары.
  6. Ежелгі әлемнің интерьерлері. Египет. Ғибадатханалар мен қабірлердің интерьерлері. Интерьерді безендіру элементтері.
  7. Қазақстан көшпенділерінің тұрғын үйлері мен интерьері. (Киіз үй: дизайны, интерьері, жиһазы және қолданбалы өнер бұйымдары).
  8. Дизайнның ерекшеліктері. Негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
  9. Конструктивизм кезеңіндегі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың интерьерлері. (1920-1930 жж.).
  10. Рококо стильінің интерьерлері. Негізгі сипаттамасы мен интерьер безендіруінде қолданылатын материалдары.
  11. Ежелгі әлемнің интерьерлері. Ежелгі Греция. Архитектуралық ғимараттардың түрлері (типологиясы, аймақтарға бөлу тәсілдері)
  12. Дизайндағы пішін қалыптастыру негіздері және сипаттамасы.
  13. Орта ғасырдағы феодалдық жүйенің интерьері. Готикалық стиль. Стильдің сипаттамалық элементтері және пішін қалыптастыру негіздері.
  14. Дизайнның қалыптасу тарихы (әлемдік және отандық тәжірибе).
  15. Дизайнның Қазақстанда пайда болуы мен дамуы. Қиындықтары мен болашақ перспективалары.
  16. ХХ ғасыр стильдерінің бағыттары. Конструктивизм.
  17. Жапон елінің интерьерлері. Символикасы, рационализм және ұлттық нақыштары. Жапон тұрғын үйі.
  18. Модерн стильінің интерьерлері. Сипаттамасы және даму жолдары.
  19. Ренессанса кезеңінің интерьерлері. (Франция, Италия, Россия, Австрия). Ренессанс стильінің көркемдік әдіс негіздері.
  20. Модерн стильінің интерьерлері. Қоршаған ортаның қалыптасу түрлері мен қолдану әдістері.
  21. Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық сәулет ескерткіштері.
  22. Ислам архитектурасының негізгі элементтері және безендіру жолдары.
  23. Баухауз және ВХУТЕМАС мектептерінің шығармашылық ұғымдары. Мектеп дамуының кезеңдері және құрылтайшылары.
  24. Хай-тек стильі. Негізгі қасиеттері мен ақпараттары.
  25. Деконструктивизм. Негізгі қасиеттері мен ақпараттары.

 

2 пән. «Жобалау жұмысын ұйымдастыру»

 

  1. “Дизайн” түсінігі.
  2. “Дизайн” кәсіптің негізгі міндеттерін анықтайтын түйін сөздер.
  3. “Дизайн – тұжырымдама” түсінігі.
  4. Дизайн-жобалау процессінің негізгі кезеңдері.
  5. Дизайн-жобалау процессінің негізгі кезеңдері және олардың дәйектілігі.
  6. Орта композициясының құрылымдық элементтері: доминанттар, акценттер, фон, композициялық осьтер.
  7. Қоршаған орта масштабы туралы түсінік, масштабтан айырмашылығы. Масштаб деңгейі мен көрсеткіштер.
  8. Жобалық шығармашылықтың әдісі, жаңа идеяларды іздеу және қалыптастыру.
  9. Дизайн жобалау тапсырмаларын ретімен орындау.
  10. Қоршаған ортаның композициялық құрылымы- дизайн жобалау тұжырымдамасы.
  11. Тұрғын ортаның интерьерлерің жобалау ерекшеліктері.
  12. Тұрғын ортаның кеңістігін функционалды бөлу негізі.  Жоспарлау әдістері.
  13. Мүгедектер, балалар мен қарттар үшін интерьерді жобалау ерекшеліктері.
  14. Интерьерді көрнекі өзгерту әдістері.
  15. Қоғамдық ортаның интерьерлерін жобалау ерекшеліктері.
  16. Оқу ортасы интерьерлерін жобалау ерекшеліктері.
  17. Рационалды дизайн — өндіріс ортасының объектілерін жобалау ерекшелігі.
  18. Қоршаған ортаны эмоционалды ұйымдастыру әдісі ретінде шығармашылық дизайн тұжырымдамасы.
  19. Қоғамдық өндірістік орта объектілерін жобалау түрлері ретінде жобалаудың сценарлық ерекшеліктері.
  20. Ортаның интегралдық нысандарын жобалау (көлік, армия, медицина, дін)
  21. Ортаның стилистикалық бейнесі. «Стиль» және «стилизация» түсінігі.
  22. Қоршаған ортаның жобалық шешімдерін үйлестіру әдістері: қайталау, бағыныстығы, пропорционалдылығы, ритм, жалпылама біріктірілуі.
  23. Интерьер  жарығы. Интерьердің жарықтандыру жабдығы.
  24. Интерьердің түс және түстің ортасы.
  25. Интерьерді безендіру жұмыстарының реті. Заманауи әрлеу материалдары.

3 пән. «Компьютерлік графика»

 

  1. 3D-анимация, 3D-объектілерін модельдеу және 3D-визуализациялау бағдарламаларында жұмыс істеу принциптері.
  2. 3DS Max бағдарламасының негіздері және қолдану аймағы.
  3. 3D өлшемді графиканың мақсаты мен мүмкіндіктері
  4. Auto Cad бағдарламасының негіздері және қолдану аймағы.
  5. 3DS Max бағдарламаның интерфейсі.
  6. 3DS Max-та үш өлшемді объектілерді құру жолдары.
  7. 3DS Max-тың сплайндар және модификаторлары.
  8. 3DS Max Жарықтандыруы. Жарық көздерінің түрлері.
  9. 3DS Max-тың негізгі материалдардық редакторы.
  10. 3D модельдеу. Объектілердің материалдары мен текстуралары.
  11. AutoCAD редакторымен жұмыс ұйымдастыру.
  12. AutoCAD бағдарламасында сызбалармен жұмыс жасау кезектілігі.
  13. AutoCAD бағдарламасында қабаттар қалай жасалады және пайдаланылады?
  14. AutoCAD бағдарламасында баспалдақтар мен бағандарды салу принциптері.
  15. AutoCAD бағдарламасында ғимараттың жоспары қандай кезектілікте құрылады?
  16. AutoCAD бағдарламасында қандай негізгі өңдеу функциялары бар?
  17. Интерьер дизайнын жобалау үшін графикалық компьютерлік бағдарламалардың қандай түрлерін білесің?
  18. Sketchup бағдарламасының негіздері және қолдану аймағы.
  19. ArchiCAD бағдарламасының негіздері және қолдану аймағы.
  20. Вектор мен растр графикасының негізгі ерекшеліктері.
  21. Corel Draw бағдарламасының негіздері және қолдану аймағы.
  22. Adobe Photoshop бағдарламасының негіздері және қолдану аймағы.
  23. Вектор мен растр графикасының негізгі түсінігі. Әр түрлі тәсілдерде суреттерді ұсынудағы артықшылықтары мен кемшіліктері.
  24. Corel Draw графикалық редакторінде көркем әдістерін қолдану. Көркемдік әдіс түрлері мен оларды жасау құралдары.
  25. Графикалық редакторларында түстермен жұмыс жасау. Толтырғыштардың түрлері.