7М02116 – «ӨНЕРТАНУ» / «Кинотану»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«КИНО ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ» кафедрасы

 

7М02116 – «ӨНЕРТАНУ» / «Кинотану»

білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

1 пән. «Кино сыны»

 

  1. Кино тарихы, кино теориясы, кино сыны
  2. Заманауи киноүрдісін зерттеудің тәсілдері мен әдістемелік негіздері.
  3. Заманауи фильмдердің синтетикалық және полижанрлық табиғаты.
  4. Кино тарихын зерттеудің ортақ моделі – үздік туындылардың мысалында.
  5. Кино өндірісі туралы жалпы мәліметтер
  6. Кино саласындағы негізгі мамандықтар түрлері
  7. Кинодағы жанр, түрлері
  8. Продюсерлік кино
  9. Коммерциылық және авторлық кино
  10. Кинодраматургиядағы кино тілінің негізгі категориялық түсініктері
  11. Кинорежиссурадағы кино тілінің негізгі категориялық түсініктері: синопсис, образ-характер, монтаж, мизансцена, мизанкадр, типаж.
  12. Операторлық өнердегі кино тілінің негізгі категориялық түсініктері:

ракурс, ірі план, жалпы план, орта план, панорама, наезд, отъезд, рапид.

  1. Фильмнің бейнелік шешімі
  2. Фильмнің дыбыстық шешімі
  3. Актер шеберлігінің теориясы
  4. Кинотеатр және телеэкран арқылы экран туындысын көрсетудің ерекшеліктері
  5. Экран форматының көркем туындыны қабылдауға әсері
  6. Заманауи киноүрдісіндегі кино сынының алатын орны
  7. Авторлық кино мен коммерциялық кино айырмашылығы
  8. Заманауи кино сынының ақпараттық қызығушылығы
  9. Кәсіби талдау және оқырман сұранысы
  10. Заманауи кино сыны және Интернет-кеңістік
  11. Киносыншының кәсіби материал ресурстары
  12. Заманауи кино сынының жанрлық модельдері
  13. Заманауи авторлық кинодағы сыни анализ ерекшеліктері

 

 

2 пән. «Әлем киноның тарихы»

  1. Өнердегі синтез, даму перспективалары.
  2. Франция кино өнері, монополиялар және әлемдік экран.
  3. Луи Деллюктің («Фотогения»), Леон Муссинактың («Панорама кино») теориялық еңбектеріндегі авангардизмнің эстетикалық платформасы.
  4. Р.Клер фильмдеріндегі стилистикалық бірлік.
  5. Реалистік өнердегі дәстүрлі формалардың өзгерісі.
  6. Экспрессионизм, сюрреализм, кубизм, дадаизм– 20 жылдар Европа өнеріндегі көркемдік ағымдар.
  7. Кинематографтың поэтикалық сипаттау мүмкіндіктері — «Фотогения» (Деллюк) – жаңа кезең өнерінің ерекшелігі.
  8. Шынайлық пен поэзия үндестігі.
  9. Жас кинематографистердің наразылығы – шығармашылық ізденіс.
  10. «Жаңа толқын» манифесі
  11. Неореализм
  12. Италия киносының ұлы қайраткерлері
  13. Неміс экспрессионизмі
  14. «Жаңа неміс киносы»
  15. Кинокамера мен киномонтаж тәсілдерінің техникалық жаңа мүмкіндіктері.
  16. Ағылшын киносындағы өрлеу кезеңі (1970 жылдар).
  17. Постмодернизм
  18. Режиссер Луис Бунюэль шығармашылығы
  19. Режиссер Ингмар Бергман шығармашылығы
  20. Соғысқа қарсы түсіріліген «Великая иллюзия»  фильмі
  21. Жаңа толқын өкілі Франсуа Трюффо Виго шығармашылығының жас кинематографистер  көзқарасына ықпалы туралы.
  22. Жапаон киносындағы жаңа толқын. /1960-80жж/
  23. Феллини фильмдеріндегі киноның тілі
  24. Висконти фильмдеріндегі киноның тілі
  25. Вонг Кар Вай фильмдеріндегі кино тілінің трансформациясы.

 

3 пән. «Қазақ киносының тарихы»

  1. Қазақстандағы кино өнерінің алғашқы кезеңі
  2. Қазақ материалдары негізінде түсірілген алғашқы көркем фильмдер
  3. Тарихи-революциялық жанр
  4. Театр дәстүрлі өнерінің кинодағы актер шығармашылығындағы көріністері.
  5. Қазақ киносының алғашқы экран жұлдыздары
  6. Елубай Өмірзақовтың кинодағы шығармашылығы: кинокейіпкер психологиясы
  7. Серке Қожамқұловтың кинодағы комедиялық кейіпкерлері
  8. Режиссер Шәкен Аймановтың өзіндік қолтаңбасы
  9. Режиссер Мәжит Бегалиннің өзіндік қолтаңбасы
  10. Режиссер Абдолла Қарсақбаевтың өзіндік қолтаңбасы
  11. Режиссер Сұлтан Ходжиковтың өзіндік қолтаңбасы
  12. Қазақ киносындағы балалар тақырыбы
  13. Әдеби шығармадан экрандау тәжірибелері
  14. Қазақ көркем киносындағы режиссура
  15. Кинорежиссурадағы тоқырау жылдары
  16. Қазақ киносының «жаңа толқыны»
  17. Серік Апрымов шығармашылығы
  18. Әмір Қарақұлов шығармашылығы
  19. Дәрежан Өмірбаев шығармашылығы
  20. Ардақ Әмірқұлов шығармашылығы
  21. Сатыбалды Нарымбетов шығармашылығы
  22. Қазақ деректі киносындағы режиссура
  23. Қазақ киносындағы драматургтер шығармашылығы
  24. Замануи қазақ киносының даму тенденциялары
  25. Өндірістік бірлестіктер шығармалары