7М02116 – «ӨНЕРТАНУ» / «Кинотеледраматургия»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«КИНО ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ» кафедрасы

 

7М02116 – «ӨНЕРТАНУ» / «Кинотеледраматургия»

білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

1 пән. «Кинотеледраматургия шеберлігі»

  1. Драматургияның тарихы мен теориясы. М.М. Бахтин бойынша хронотоптың түсiнiк аппараты. Хронотоп драматургтың құралы ретiнде.
  2. Мифологема драматургтың құралы ретiнде.
  3. Хронотоп «кездесу – айырылысу»
  4. Хронотоп «жоғалту – табысу»
  5. Хронотоп «iздену – табу»
  6. Хронотоп «бiлместiк – танып-білу»
  7. Хронотоп «кешiру – кешiрмеу» т.б.
  8. Драматургиялық шығарма жазу барысында хронотопты қолдану тәжiрибелерi.
  9. Кейiпкерлер архитипi. Архетип драматургтың құралы ретiнде.
  10. Драматургиядағы мифологема. Мифологема драматургтың құралы ретiнде. «Дүниеге келу», «Оқу», «Ерлiк», «Сатқындық», «Жасампаздық», «Ажал» мифологемалары т.б.
  11. Драматургиялық шығарма жазу барысында мифологеманы қолдану тәжiрибелерi.
  12. Мотивацияның үш дәрежесi фабуланы дамытуға арналған құралдар ретiнде қолдану.
  13. Кейiпкерлер тартысы архетипке деген қозғалыс және олардың хронотоптағы стандартты өлшемдерi.
  14. Материалдық әлем тiл мен образ кейпiнде.
  15. Биологиялық әлем тiл мен образ кейпiнде (хайуандар, құстар, балықтар, жәндiктер т.б.).
  16. Драматургиялық жанрлар: трагедия, драма, мелодрама, трагикомедия, комедия.
  17. Драматургияның фольклорлық түрлерi. Эпос. Ертегi.
  18. Киноөнерi жанрларының ерекшелiктерi. Триллер. Боевик. Детектив. Балалар жасындағыларға арналған киношығарма жанрлары. Көркем телесериалдар жанры.
  19. Анимациялық фильмдер драматургиясы.
  20. Деректi кино мен хроника драматургиясы.
  21. Монолог және диалог.
  22. Полифония.
  23. М.М.Бахтин бойынша карнавалдық әрекет.
  24. Кейiпкерлер мiнездемесi.
  25. Экспрессия, рефлексия, санадан тыс.

 

2 пән. «Заманауи драматургия»

  1. Логлайн, өтініш, сценарий жазуға апарар жол синопсис.
  2. Драматургиялық этюд: «әрекет»
  3. Драматургиялық этюд: «жағдай»
  4. Драматургиялық этюд: «диалог»
  5. Драматургиялық этюд: «деталь»
  6. Кейіпкердің мінезі мен оның оқиғасы.
  7. Заман – кейіпкер – диалог.
  8. Сценарийді жоба ретінде қорғау.
  9. Балаларға арналған және балалар туралы фильмдердiң сценарийi
  10. Деректi кино. Деректi кинодағы мифологеманың маңызы.
  11. Радио мен телевиденияға арналған сценарий.
  12. Полифония монолог пен диалогты дамытушы.
  13. Бүгінгі қазақ киносындағы кейіпкер табиғатына және диалог ерекшеліне талдау жасау.
  14. Кейіпкер характерін сипаттап сценарийге кіріспе жазу.
  15. Оқиға өтетін орындағы детальдарды суреттеу.
  16. Қысқа метр фильмге сценарий жазу арқылы сценарист үшін 15 ережені пайдалануды игеру.
  17. Дыбыс драматургиясы.
  18. Сюжет құру, сол сюжетті біртұтас конструктивті композицияға кезек-кезегімен бағындыра білу дегенді қалай түсінесің?
  19. Драманың Аристотель анықтап кеткен классикалық үш деңгейі.
  20. Драматургия – интрига. Конфликт.
  21. Драмалық ситуацияның үш факторы дегенді қалай түсінесің?
  22. Фильм сюжетінің жабық аяқталу және ашық аяқталуы дегенді қалай түсінесің?
  23. Кино өнеріндегі жанрлар.
  24. Құрылымдағы жанрдың түрлері.
  25. Кинодағы сюжеттердің түрлері.

 

3 пән. «Киносценарий стилистикасы»

 

Кейiпкерлердiң санадан тыс әрекеттерi, интуиция,  психологиялық

    бiрлiктiң рөлi.

  1. Экспрессивтi қаһарман.
  2. Рефлектiлендiрушi қаһарман.
  3. Драматургиялық құралды мәтiндiк көркемдеуде қолдану.
  4. Ж.Аймауытовтың «Акбiлек»,«Қартқожа», М.Ауезовтың «Абай жолы» романдарындағы қазақтың архетиптерi.
  5. «Фаталист», «Революционер» «Кекшiл» архетиптерi.
  6. «Дон Кихот», «Алдар Көсе» архетиптерi.
  7. «Жауынгер», Спортшы» архетиптерi.
  8. «Кәрi кемпiр» архетипiнiң түрлерi.
  9. «Қазақ қызының» архетипi.
  10. Хайуанаттар, құс пен жыландар бейнесiмен суреттелген мифологемалар.
  11. Диалог көзқарастың шиеленiсуi iспеттес.
  12. Балалар драматургиясының тілі.
  13. Бір тақырыпты бірнеше рет жазу.
  14. Деректі кино материалдарын сұрыптау.
  15. Мәтін және оның астары.
  16. Тура және ауыпалы мағыналы сөздер.
  17. Драматургиядағы көпсөзділікпен күресу.
  18. Киносценарий тілінің негізгі критерийлері.
  19. Кейіпкердің интеллектісін таныта білу және образ табиғатын тап басу.
  20. Кейіпкер мінезімен сөйлеу ерекшеліктерін даралау.
  21. Мінездің сапалық ерекшеліктері.
  22. Киносценарийдің интонациясы мен ішкі поэтикасы.
  23. Жанр ерекшелігіне байланысты конфликтінің даму сипаты.
  24. Қазақ ертегілерінің сахналануы мен экрандалуы.