7М02115-«МҮСІН» /«Мүсін»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«КӨРКЕМСУРЕТ» кафедрасы

 

7М02115-«МҮСІН» /«Мүсін»

білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

  1. Мүсін – бейнелеу өнерінің бір бөлігі ретінде
  2. Дәстүрлі монументалды өнерінің қандай түрлері Қазақстанда байырғы заманнан тұрақты даму тапқан?
  3. Мүсіннің түрлері, және олардың сипаттамасы
  4. Мүсіннің техникалары мен материалдары.
  5. Ежелгі Еуразияда көшпенділердің бейнелеу өнерінің қандай тәсілі (стилі) ерекше тараған?
  6. Мүсін жанрлары мен олардың жіктеулері (классификациясы)
  7. Мүсіндік бейненің пластикалық тілі және оның негізгі ерекшелігі
  8. Қазақстан территориясында ежелгіден діндерің қандай түрлері болған, және олардың монументалды өнеріне қандай әсері тиген?
  9. Көлемдік және рельефтік пішіннің түсіндіру әдістері.
  10. Мүсін мен сәулеттің синтезі, және басқа да қатынастар.
  11. Тамғалы тас қорымы қашан және кіммен ашылған, және де бұл ескерткіш Қазақстан мәдениетінде қандай маңыздылығы бар?
  12. Жұмсақ мүсіндік материалдар сипаттамасы
  13. Балшықтың мүсіндік материал ретіндегі қасиеті. Мүсін сомдауға арналған балшықты дайындау тәсілдері.
  14. Қазақстан территориясындағы көне монументалды өнердің қандай нысандары ЮНЕСКО тізіміне кіреді?
  15. Пластилиннің мүсіндік материал ретіндегі қасиеті.
  16. Гипстің мүсіндік материал ретіндегі қасиеті.
  17. Қазақстанның дәстүрлі монументалды-сәндік кескіндемесі қандай ортағасырлық ескерткіштерде дамуын тапты және олар несімен ерекшеленеді?
  18. Қатты мүсіндік материалдардың сипаттамасы.
  19. Тастың пластикалық қасиеті мен олардың түрлері.
  20. Монументалды өнердегі мемориалдық ескерткіштердің басым көпшілігі Қазақстанның қай өңірінде топтасқан, бұл немен байланысты болған және қандай түрлерге бөлінеді?
  21. Ағаштың пластикалық қасиеті мен оның түрлері.
  22. Этюдпен жұмыс істеу қыр-сыры (барельеф, горельеф, дөңгелек мүсін).
  23. Қазақстандық кәсіби монументалды өнерінің дамуы қашан басталды?
  24. Мүсіннің функционалдық мағынасы (не үшін қажет).
  25. Антикалық мүсін (Грекия)
  26. Монументалды-сәндік өнер Қазақстан территориясында ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында қандай сәулеттік нысандарда дамуын тапты?
  27. Мүсіндік жұмыстарға арналған құрал-саймандар.
  28. Мүсіндегі өтпелі және ақырғы материал.
  29. Дәстүрлі монументалды өнердің қай түрі ХХ ғ. басында жоғалып кетті және себебі неде?
  30. Парктік мүсін және оның қалалық ландшафтты ұйымдастырудағы маңыздылығы.
  31. Мүсіннің металда құю шығу кезеңдері.
  32. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның монументалды өнерінің мықты дамуы қандай жылдарға келеді, несімен ерекшеленеді?
  33. Мүсіндік материалдардың әр түрлігі
  34. Формопласттағы пішіндеудің (формовка) әдісі қандай жағдайларда колданылады?
  35. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның кәсіби монументалды өнерінің дамуына белгілі мүсіншілерден кімдер үлкен үлес қосты?
  36. Сәулеттік ортадағы ескерткіш-бюст. Қазақстандағы белгілілерін атап шығу.
  37. Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументінің композициясы. Жасап орнату тарихы мен авторлары.
  38. Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументінің композициясы. Жасап орнату тарихы мен авторлары.
  39. Мемориалды ескерткіштердің мақсаты. Қазақстанның белгілі мемориалды ексерткіштерді атап шығу.
  40. Сақтың аң стилі. Сақ мәдениетінің мысалдары.
  41. Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығында кәсіби монументалды өнерінің қай түрі ерекше дамыды? Нысандардың мысалдары мен авторларын айтып шығу.
  42. Мүсін түрлері. Мүсіндік шығармалардың әр түрлі жанрда жасау кезінде қандай материалдар қолданылады?
  43. Көне түркі мүсіні. Балбал.
  44. Рельеф, барельеф, горельеф және дөңгелек мүсін. Айырмашылығы мен ерекшеліктері.
  45. Ислам кезеңіндегі құлыптастар мен сандықтастар және олардың Қазақстандық заманауи монументалды өнеріне әсері.
  46. Кіші пішіндік мүсін (көлемі, материалы, тақырып)
  47. Қазақстанның дәстүрлі және кәсіби мүсіннің қалыптасу кезеңдері.
  48. Х. Наурызбаевтің шығармашылығы.
  49. Мүсіндегі жанрлардың жіктелуі.
  50. Мүсіндік рельефтің түрлері.
  51. Мүсіндегі композиция.
  52. Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі монументалды ескерткіштер.
  53. Қазақстанның қазіргі заман мүсіні.
  54. Франциядағы «Садақшы» туындының авторы және оның шығармашылығы.
  55. Мүсіндік шығарманың масштабта үлкейту әдістері
  56. «Давид» мүсінінің авторы және оның шығармашылығы.
  57. Сулы ортада қандай мүсіндік матреиалдар қолданылады.
  58. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның монументалды ескерткіштері.
  59. Готикалық мүсін. Белгілі еуропалық готика шіркеулерін атап шығу.
  60. Монументалды мүсін: көлемдік пішіндері және оның мақсаттары.
  61. Станоктік мүсін: функционалдық пен эстетикалық мақсаттары.
  62. Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументінің артында айналдыра жасалған мүсін композициясы туралы айтып беру.
  63. Алматыдағы Жамбыл Жабаев ескерткішінің авторы және оның шығармашылығы.
  64. Монументалды-сәндік мүсін: оның функционалды және эстетикалық мақсаты.
  65. Мүсінші Е. Мергеновтың шығармашылығы.
  66. А. Жұмабаевтің шығармашылығындағы стилистикалық ерекшелігі.
  67. Мүсінші Е. Сергебаевтің шығармашылығы
  68. Мүсінші В. Рахмановтың шығармашылығы
  69. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХІ ғ. басындағы отандық мүсіншілердің туындыларындағы Қазақстан тарихының бейнеленуі.
  70. Мүсінші Т. Досмағамбетовтің шығармашылығындағы бетбейнелік жанр.
  71. Мүсінші Т. Досмағамбетовтің монументалды туындылары
  72. Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ат (жылқы) бейнесі бар ескерткіштер
  73. Р. Ахметовтің шығармашылығындағы шамоттік керамика
  74. Мүсінші М. Айнековтің республика мен шетелдегі шығармашылығы.  
  75. Репродукциялық материал (авторды, стильді, уақытын т.б. тану).