8D02113 – «Кескіндеме» (қаз)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«КӨРКЕМСУРЕТ» кафедрасы

 

8D02113 – «Кескіндеме» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

  1. Монументтік-сәндік өнер туралы жалпы түсінік. Монументалды кескіндеме және олардың авторларының атақты шығармаларын атаңыз.
  2. Сәулет және бейнелеу өнерінің синтезі туралы. Монументальды кескіндемедегі жұмысты орындау техникасының түрлері.
  3. Қазіргі кескіндемедегі негізгі бағыттар.
  4. Станокты кескіндеме мен арнайы суреттің монументальды кескіндемедегі академиялық суреттің рөлі.
  5. Қайта өрлеу дәуірінің монументалды кескіндемесі. Атақты суретшілер.
  6. Кеңес уақытында монументалды өнердің дамуы.
  7. Монументальды кескіндемедегі орындау техникасының негізгі түрлері.
  8. Қазіргі күнге дейін сақталған Қазақстан аумағындағы ежелгі және ортағасырлық монументтік ескерткіштер.
  9. Қайта өрлеу дәуірінің станоктық кескіндемесі.
  10. Ежелгі орыс кескіндемесі. Орыс икон жазуының қалыптасуы мен дамуы. Феофан Грек және Андрей Рублев.
  11. Ә. Қастеевтің кескіндемесі.
  12. С. Айтбаев және «60-шы» жылдардың кескіндемесі.
  13. Қытай мен Жапонияның дәстүрлі кескіндемесі.
  14. Қазақ мәдениетінде түстің символикасы.
  15. Шығыс Миниатюрасы. Герат мектебі. Бекзад.
  16. Кескіндеме академиялық мектебінің принциптері. Кескіндеме жанрлары.
  17. Социалистік реализм.
  18. Бейнелеу өнеріндегі стиль. Кескіндемедегі негізгі стильдік бағыттар және олардың сипаттамасы.
  19. М. Врубель және орыс символизмі.
  20. Бейнелеу өнеріндегі дәстүр мен канон.
  21. VI ғ. Византия өнері. Сәулет және оның ерекшеліктері. Кескіндеме (иконо жазу, миниатюра). Монумент кескіндемесі (мозаика). Византия өнеріндегі көне көркем дәстүр.
  22. Роман өнерінің кескіндемесі, оның қалыптасуы және Батыс Еуропа елдерінде дамуы.
  23. Диего Веласкес және ХVII-ғ. испан өнері.
  24. ХХ ғ.60-80 жж. Қазақстанның кескіндеме өнері (мінездеме, шеберлер).
  25. ХVI ғ. Нидерланд өнерінің даму ерекшеліктері.
  26. Қазақстанның 1930-50 жылдардағы өнері. Қазақстандағы орыс суретшілері. Көркем мектептерді қалыптастыру.
  27. ХVI ғ. Испания өнері. Эль Греко.
  28. Әбілхан Қастеев пен Қ.Т.Телжанов, М.Кенбаев, С.А. Мамбеев, Ж. Шарденовтың шығармашылығы.
  29. ХVII ғ. Голландия өнері. Рембрандт шығармашылығы.
  30. Тициан және венециялық кескіндеме мектебі.
  31. Кеш жаңғыру өнері.
  32. XXI ғ. Қазақстан кескіндемесі (жалпы сипаттама).
  33. Фламанд өнері. Рубенс және оның мектебі.
  34. XVII ғ. Батыс Еуропа өнерінің ерекшеліктері. Еуропалық көркем мәдениеттегі рококо стилі.
  35. Франсиско Гойя және XIX ғ. испан өнері.
  36. В. Суриков және XIX ғ. екінші жартысындағы орыс тарихи кескіндемесі.
  37. Ж.Л.Давид және XIX ғ. басындағы Францияның революциялық классицизмі.
  38. ХХ ғ. екінші жартысындағы бейнелеу өнеріндегі негізгі ағымдар.
  39. Пейзаж жанры және оның батыс еуропалық және орыс өнеріндегі шеберлері.
  40. 1960-70 жж. Қазақстан кескіндеме өнері. Ш.Сариев пен С.Айтбаев кескіндемесіндегі жаңа ізденістер.
  41. Монументалды сипаттағы шығармалардағы символизм мен аллегорияның көркем тілі.
  42. Әлемдік бейнелеу өнері тарихындағы монументалды кескіндеме өнері өрлеуінің негізгі кезеңдерін атаңыз.
  43. Леонардо да Винчи шығармашылығы.
  44. Микеланджело шығармашылығы.
  45. Қазіргі монументалды кескіндеме туындыларындағы дәстүрлі қазақ этнографиялық мәдениетінің бейнелері.
  46. Кеңес дәуіріндегі қазақстандық суретші-монументалистердің белгілі туындылары.
  47. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан суретшілерінің белгілі туындылары.
  48. Қазіргі заманғы көркем бейнелеудегі монументалды кескіндеме рөлі.
  49. Ежелгі Египет монументалды кескіндеме стилінің және бейнелеу тілінің ерекшеліктері.
  50. Монументалды кескіндемеде қолданылатын көркем-бейнелеу техникасы. Олардың негізгі сипаттамалары.
  51. Классикалық фреска технологиясы, пайда болу тарихы және бейнелеу өнерінің осы түрінде жасалған белгілі туындылар.
  52. Сграффит үшін түрлі-түсті саз жағу процесінің технологиялық ерекшеліктері мен жүйелілігі.
  53. Бейнелеу техникасы монумент-сәндік кескіндемедегі мозаика. Оның түрлері және қолданудың технологиялық ерекшеліктері.
  54. «Тура» және «кері жинақ» мозаикамен жұмыс істеу кезіндегі технологиялық және бейнелеу ерекшеліктері.
  55. Мозаикалық техникада орындалған қазақ бейнелеу өнерінің белгілі туындыларын атаңыз.
  56. Монумент сипатындағы шығармаларды құрудағы заңдардың рөлі мен маңызы.
  57. Қытай мен Жапонияның классикалық бейнелеу өнеріндегі перспектива заңдарының ерекшеліктері.
  58. Монументальды-сәндік кескіндемедегі витраждың бейнелеу техникасы. Оның түрлері және қолданудың технологиялық ерекшеліктері.
  59. Кеңістіктік монументальды композиция-оның мақсаты және негізгі композициялық-стильдік тәсілдері.
  60. Тамғалы шатқалындағы жартастағы бейнелер мен петроглифтердің тән ерекшеліктері.
  61. Қазақ ою-өрнектерінің түрлері және олардың бейнелеу-стильдік сипаттамалары.
  62. Монументалды-сәндік гобелен техникасында туындылар жасайтын қазіргі заманғы қазақстандық суретшілер-монументалистер.
  63. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мысалында сәулет және бейнелеу өнері синтезі.
  64. Ортағасырлық ортаазиялық миниатюралардағы монументальды-сәндік ерекшеліктері.
  65. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.
  66. Кескіндеме өнеріндегі баталдық жанр.
  67. Қазіргі Қазақстанның монументальды және станокты кескіндемелеріндегі тарихи жанрдың рөлі.
  68. Кескіндеме өнеріндегі көркем-бейнелеу ағымы ретінде импрессионизм.
  69. ХХ ғасырдың басындағы еуропалық кескіндемедегі супрематизм және футуризм.
  70. Қанафия Телжановтың шығармашылық мұрасы.
  71. Кескіндеме өнеріндегі көркем-бейнелеу ағымы ретінде сюрреализм және оның шеберлері.
  72. Кескіндеме өнеріндегі көркем-бейнелеу ағымы ретінде модернизм.
  73. Густав Климт шығармашылығы және оның стилінің заманауи өнерге әсері.
  74. Кескіндеме өнеріндегі символизмнің маңызы мен рөлі.
  75. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның кескіндемеші суретшілері.