8D02106-«Режиссура» / «Драма театрының режиссурасы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

 

«АКТЕР ШЕБЕРЛІГІ ЖӘНЕ РЕЖИССУРА» кафедрасы

 

8D02106-«Режиссура» / «Драма театрының режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау емтиханының сұрақтары:

 

1.ХХғ. 80-ші жылдарға дейінгі қазақ және орыс драматургиясындағы «жаңа толқын».

  1. Драматургия-режиссердің түпкі ойының бірінші негізі.
  2. Драмалық шығармадағы басты міндет пен өзекті әрекет түсінігі.
  3. Тақырып, басты конфликт және драмалық шығармадағы образдар жүйесі.
  4. О.Бөкей пьесаларыны көркемдік әлемі.
  5. «Жаңа толқынның» көрнекті өкілі Оралханның «Құлыным менің», «Текетірес», «Зымырайды поездар», «Атаукере», «Қар қызы» және «Жанар» сияқты бір актілі пьесаларындағы рухани құлдырау, ел, жер, отан деген тақырыптардың көркемдік, символикалық шешімдері.
  6. ХХғ.соңғы жылдарындағы қазақ драматургиясының өкілдері А.Сүлейменов пен Д.Исабеков әлемі.
  7. «Тоқырау» кезеңдерінің азғындық мәнін ашатын, ұрпақ тағдыры туралы: «Жетінші палата», «Қыздай жесір», : «Төрт тақта», «Әпке», «Тыныштық күзетшісі, «Мұрагерлер, т.б. пьесалар негізінде.
  8. ХХ-ХХІғғ. «мәңгілік» тақырыптарды берудің жаңаша үлгісін іздеу.
  9. В.Вампилов пен Н.Коляданың Драматургиясының ерекшеліктері.
  10. В.Вамилов пен Н.Коляданың пьесалары көптеген пікірталастар тудырса да, көп театрлардың репертуарынларынан берік орын алуының себебі неде? Тақырыптарының өзектілігі қандай?
  11. «Утинный охота», «Старшый сын» шығармаларының өзектілігі.
  12. «Прошлом летом в Чулимске», «Ад и небо», «Мурлин Мурло», «Сказка о мертвой царевне» шығармаларының өзектілігі.
  13. Н. Коляды жолын қуушылар – О. Богаевтің «Русская народная почта», «Марьино поле», В. Сигаревтің «Пластилин», «Черное молоко» шығармалары.
  14. Драматургияда соңғы жылдардағы жаңа форма мен идеяларды іздеу.
  15. Н.Садурдың «Метафизикалық» драмасы.
  16. Қазіргі заман драматургиясында неоромантикалық бағыт.
  17. М.Арбатованың феминистикалық драмасы.
  18. О.Мухинаның лирикалық драмасы, монодрама.
  19. Қазіргі заман драматургиясында авангардтық ағымдар көпшілікті толғандырып жүрген ескі мәселелерді жаңаша үлгіде қалай шешетінін саралау.
  20. С.Балғабаев және жас драматургтер.
  21. Сұлтанәлінің пьесаларындағы әйел бейнелерінің көркемдігі.
  22. Сұлтанәлінің шәкірттерінің драматургиядағы ізденістері.
  23. А.Сүлейменовтың «Кек» шығармасының фәлсафалық ойлары.
  24. Г.Гориннің «Атың шықпаса…», Э.Радзинскидің «Сократпен сұхбат», «Лунин», тағы өзге драматургтердің фәлсафалық ойлары.

 

«Дайындық жүргізудің әдістемесі»

 

  1. Драматургияның сахналық нұсқасын жасаудағы қысқатулармен мен текстерді алмастырудың маңызы.
  2. Дайындықтың этюдтік әдісі.
  3. Заманауи режиссерлар: дайындық процесі туралы.
  4. Қойылыммен жұмыс процесі кезіндегі режиссердің міндеті.
  5. Дайындық процесінің маңызы.
  6. Қойылымның идиялық-көркемдік тұтастығы.
  7. Сөз әрекеті дегеніміз не
  8. Театр кеңістігіндегі ағымдар мен эстетикалық көз-қарастардың

зерттеудің маңызы.

  1. Режиссердің шығармашылық қиялы.
  2. Дайындықтың түрлері.
  3. Өзіндік жұмыстың мақсаты.
  4. Қойылымның жанрлық шешімі.
  5. Драматургия жайлы ғылыми әдебиеттерді зерттеу.
  6. Дайындықтың режиссер жұмысындағы ерекшелігі.
  7. Оқиғалар арқауы (тізбегі).
  8. Дайындықтың режиссер шығармашылығындағы маңызы.
  9. Дайындықтың актер шығармашылығындағы маңызы.
  10. Пьесаны әрекетті талдау арқылы қорғау.
  11. Шығармашылық ұжымды тәрбиелеудегі режиссердің жұмысы. /режиссер-ұстаз/
  12. Қойылым мен жұмыс барысындағы мизансценаның маңызы.
  13. Дайындықтың жоспары.
  14. Неге біз театр өнерін ұжымдық өнер дейміз. Оның мәні неде
  15. Кейіпкер ролінің мәні. (Зерно образа).
  16. Сахна шарттылығы деген не? (Условность)
  17. Сахналық рольдің мақсаты қалай анықталады.

 

«Конфликтология»

1. Көркем шығармадағы тартыстың орны.
2. Тартыстың (конфликт) түрлері. Жағымды және жағымсыз кейіпкерден бастап шығармаға арқау болтын тартыстың даму жолдары.
3. Көне гректің драмалық шығармаларындағы тартыстың кейіпкер сөзінен әркетіне ұласудың әлемдік театр өнеріндегі орны.
4. Конфликт (тартыс) құрудың шекспирлік ерекшеліктері.
5. Тартыстың сахналық шешімі.
6. Сахналық тартыстың алғышартын іздестіру жолдары.
7. Сахнадағы психологиялық тартыс. Кейіпкердің ішкі көңіл күйі.
8. Астар. Жасырынбақ. Шағысу. Тартыстың көмескі түрлері. Әлемдік шығармалардағы кейіпкерлер.
9. Әлеуметтік тартыс.
10. Таптық тартыс.
11. Тартыс өзегі-махаббат.
12. Тартыстың жанрлық сипатына қарай айшықтау.
13. Конфликт  қойылым кілті. Режиссерлық түйіндеме табу.
14. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» шығармасы мысалында тартысты жүйелеу.
15. Тартыстың актерлық трактовкасы.

16. Трагедия, драма және комедиядағы тартыстың табиғи ерекшеліктері.

17. Ә.Мамбетов қойылымдарындағы тартысты қоюлату тәсілдері

18. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» шығармасы мысалында тартысты жүйелеу.

19. Көркем шығармадағы «Үш таған», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымдарындагы конфликт

20. «Тартыссыздық» мүмкіндіктері.

21. Әлеуметтік тартыс.

22. «Гамлет» трагедиясының мысалында тартыстың себеп,салдарының қосымша жақтарын ашу.

23. Сахнадағы тартыстың алғы шарттарын анықтау.

24. Көне гректің драмалық шығармаларындағы тартыстың кейіпкер сөзінен әркетіне ұласудың әлемдік театр өнеріндегі орны

25. Әдебиет, театр, кино өнеріндегі тартыстың орны