«КЕСКІНДЕМЕ, МҮСІН ЖӘНЕ ДИЗАЙН» ФАКУЛЬТЕТІ
«ДИЗАЙН» білім беру бағдарламасы
«Өнеркәсіптік дизайн» білім беру бағдарламасының аймағы
Түсуші абитуриент түсуге таңдаған не соған жақын мамандандыру (өнери, сәулеттік-құрылыстық, жобалық және басқа да колледждер) бойынша орта және/немесе арнайы орта білімді, өнери білімді (өнери мектеп, студия) немесе таңдаған мамандануы бойынша Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА дайындық курстары оқуынан өткен болуы шарт. Абитуриент орта мектеп бітіруші деңгейіне сай жалпы білім деңгейін меңгерген болуы, жоғары интеллектуальдық деңгейлі және кеңдүниетанымды, әлемдік және қазақстандық бейнелеу өнері, тарих, мәдениет, дизайн, сәулет, тарихтан, сән тенденциялары салаларынан білімді болуы қажет.
Абитуриент мыналарды меңгерген болуы керек:
Дамыған эстетикалық талғамға, түс, пішін, бөліктердің пропорциялары мен қатынастарын сезінуге, және сонымен қатар бейнелік шығармашылық ойлам мен фантазияға ие болуы қажет.
«Дизайн» мамандығына түсушілер үшін, мамандандыруына қатыссыз, жоғарыдағы білімдерін, шеберліктері мен машықтарын анықтауға бағытталған екі шығармашылық емтихан жүргізіледі. Бірінші шығармашылық емтихан екі пәнді – «Сурет» және «Кескіндеме» – біріктіреді, олар жеке өткізіледі, бірақ бір баға қойылады. «Сурет» және «Кескіндеме» бойынша талаптар мен бейнелеу объектілері дизайнның барлық мамандандырулары үшін бірдей. Шығармашылық емтиханның екінші түрі «Композиция» отыруға арналған жұмсақ жиһаз түрін (кресло) жобалауы қарастырылған. Сонымен, абитуриент тапсыратын емтихандар:
Живопись – геометриялық пішіндері бар натюрмортты бейнелеу
(4 сағат)
«Сурет» емтиханына ұсынылған талаптар:
Тапсырма: классикалық сәулеттік ордер элементтері бар натюрморт
(4 сағат)
Талаптар:
Шешімі: монохромдық (біртүсті)
Материал: 40х60 см ватман қағазы, әртүрлі жұмсақтықтағы қаттылықтағы қарындаштар, өшіргіш.
«Кескіндеме» емтиханына ұсынылған талаптар:
Тапсырма: геометриялық пішіндер бар натюрморт (4 сағат)
Талаптар:
Шешім: полихромдық (көптүсті)
Материал: 40х60 см ватман қағазы, акрил, акварель, қылқаламдар, суға арналған құты, палитра.
«Композиция» емтиханына ұсынылған талаптар:
Тапсырма: отыруға арналған жұмсақ жиһаз түрін (кресло) жобалау
(4 сағат, максималды балл – 40).
Талаптар:
Шешімі: полихромдық (көптүсті) и графикалық;
Материал: 40х60 см ватман қағазы, сызу аспаптары (сызғыш, циркуль, транспортир, үшбұрыш), гуашь, акварель, қылқаламдар, суға арналған құты, палитра, графит және түсті қарындаштар, өшіргіш, маркерлер.