ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ РЕЖИССУРАСЫ

ТЕЛЕДИДАР РЕЖИССУРАСЫ
02.07.2020
6В02183 «Анимация режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша ауызша емтихан (билет) сұрақтары.
04.07.2020

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ РЕЖИССУРАСЫ

Абитуриенттің аяқталған орта білімі болуы тиіс. Ой-өрісі, білімдарлығы, шығармашылық қабілеті, бейнелі әрі өз бетінше ойлай алу мүмкіндігі бағаланады.Талапкер мемлекет тілін білуі, компьютермен жұмыс жасай алуы, сонымен қоса режиссер мамандығын түсініп, әдебиет, тарих, өнер саласында білімдерін таныта білуі қажет.

Шығармашылық емтихандар:

1. Жазбаша жұмыс талаптары (Эссе) 4 сағат.

Жазбаша жұмысқа үш түрлі тақырып ұсынылады. Бұл емтихан барысында мәнерлі баяндау икемдіктері мен қабілеттіктері анықталады. Талапкер ұсынылған тақырыпты барынша толық ашуға тырысуы керек. Шығармашылық ой-қиялы (фантазия) мен бейнелі ойлау қабілеті, сюжет құра алу қабілеті мен тақырыпты ашудағы жаңаша көзқарас бағаланады. Жұмыстың көлемі 5 бет.

2. Коллоквиум. (Ауызша билетпен емтихан талаптары).

Ауызша емтиханның мақсаты – Талапкердің шығармашылық мүмкіндіктерін, білім мен аудиокөрімділік саладағы (әсіресе кино, телевизия, радиотаралым, музыка мен бейнелеу өнері) түсініктерін анықтау. Талапкер бейнелеу өнері, әдебиет (әлемдік және қазақ), музыка кино және телевизия тарихын жақсы білуі қажет. Ол көркем шығарманы бағалай білуі, оған сипаттама беріп, жақсы мен әлсіз жақтарын, стилі мен бағытын анықтай алуы қажет. Сонымен қоса ауызша емтихан барысында талапкер өзінің шығармашылық ойын дәлелденген түрде негіздеп, жұмыстың орындалуының жүйесін түсіндіруі қажет.