Апелляция

Шығармашылық емтихан қашықтық форматта қабылдау
05.07.2020
Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары және рефератқа қойылатын талаптар
14.11.2020

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА апелляциялық комиссиясы түсу емтихандары сұрақтарының мазмұны бойынша оқуға түсушілерден апелляцияға өтініштер қабылдап қарайды.

Жүктеу

 
 
Пошта: kaznai_magister2020@mail.ru

KazNAI

Оқуға түсуші мазмұны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген жағдайда, оқуға түсуші 1-қосымшада көрсетілген формаға сәйкес апелляциялық комиссия төрағасының атына өтініш береді. Апелляциялық комиссия әрбір оқуға түсушімен жеке жұмыс істейді.

Апелляция емтихан сұрақтарының мазмұны бойынша билет дұрыс құрастырылмаған жағдайда қаралады.

Апелляцияға өтініштер түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды. Апелляциялық комиссияның отырысына түсуші байланысқа шықпаған жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Тестілеу нәтижелерінің апелляциясы бойынша барлық өтініштер апелляцияға өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады. Апелляциялық комиссияның отырысы кезінде оқуға түсушіге көрсеткен таңдалған мәселені өзгертуге жол берілмейді.

Әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені (толық түсіндірме, міндеттердің қадамдық шешімі) көрсетпей, билеттің барлық мәселелерін қайта қарау бойынша апелляцияға берілетін өтініштер қарауға жатпайды.

Өтініштер бойынша шешім апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және Комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған апелляциялық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

Апелляциялық комиссия оқуға түсушінің өтініші бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, оқуға түсушіге балл қосылады.