Шетелдік азаматтар үшін


1. Аттестат немес диплом (түпнұсқа + нотариальды расталған) (3 дана)
2. Қосымшасы (бағалары) (түпнұсқа + нотариальды расталған) (3 дана.)
3. Орта мектепті немесе колледжді бітіргенін растайтын анықтама (2 дана)
4. Паспорт (нотариальды расталған) (3 дана)
5. Жеке куәліктің көшірмесі (қазақ екендігін растайтын жеке куәлік) (3 дана)
6. 3х4 см фотосурет (10 дана)
7. Медициналық анықтама (форма № 075-У) (түпнұсқа + көшірме) 2023 ж.
8. Флюорография (снимок) 2024 ж.
9. Егілу құжаты (көшірме) (2 дана)
10. Спид-анықтама (түпнұсқа + көшірме)
11. Яйцеглистқа тапсырғандығы туралы анықтама (түпнұсқа + көшірме)
12. Малярияға қан тапсырғандығы туралы анықтама (түпнұсқа + көшірме)


Нострификация – басқа мемлекетте берілген құжаттың дұрыстығын анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. Нострификацияны ҚР БҒМ-нің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы жүргізеді.

Нострификация үшін қажетті құжаттар тізімі

  • білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;
  • білім туралы құжаттың және қосымшасының түпнұсқасы (тексергеннен кейін қайтарылады);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың, білім туралы құжат пен оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері (қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен), сонымен қатар;
  • оқу орынының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттан басқа білім туралы құжатты берген оқу орнының лицензиясы және аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмелері (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
  • төлемақы туралы түбіртек.

2-тармақшада көрсетілген құжаттар апостилизациялануы немесе заңдастырылуы қажет, немесе мемлекеттік қызметті пайдаланушыға оқу орнынан оның оқуын растайтын мұрағаттық анықтама ұсыну керек.

Құжаттарды өтініш берушінің өзі емес, сенімді тұлға тапсырған кезде нотариалды расталған сенімхат (түпнұсқасы) немесе ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған және мөр басылған ілеспе хат болу керек.

Құжаттарды тапсыруда өтініш сауатты, түзетулерсіз, баспа қаріптермен толтырылып, мекенжай мен байланыс телефондары нақты көрсетілу керек.

Нострификация туралы куәлікті алған кезде өзіңмен бірге жеке куәлік және төлемақы туралы түбіртектің түпнұсқасы (сенімді тұлғаға – сенімхат) болу керек.