Магистратура – бұл кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы «бакалавриат – магистратура-PhD докторантура» үш сатылы жүйесінің екінші сатысы, онда өзінің болашақ мамандығын дәл анықтап алған және ол үшін қандай білім алғысы келетінін нақты білетін адамдар оқуға барады.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, талаптар мен оқу мерзімдері бойынша ерекшеленетін кадрлар даярлауға бағытталған магистрлік бағдарламалар бойынша даярлауды жүзеге асырады.
ҚазҰӨА жоғары оқу орындарының түлектерін магистратураға сәйкес білім туралы дипломдармен қабылдайды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жоғары оқу орындары берген құжаттар кемінде бірінші академиялық оқу кезеңі ішінде міндетті нострификациялаудан өтуі тиіс.

Магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау комиссиясы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 1 маусым мен 5 шілде аралығында қабылдайды.

Шығармашылық емтихандар магистратураға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 16 мен 25 шілдесі аралығында өтеді.

КТ магистратураға түсу үшін күнтізбелік жылдың 20 шілде мен 10 тамыз аралығында болады.

Оқуға қабылдау 2024 жылдың 28 тамызға дейін жүргізіледі.