Контактные данные: 272-43-98 | Email: kaznai_magister2020@mail.ru |
Докторантура - бұл білім беру бағдарламалар бойынша «философия (PhD) докторы» жоғары академиялық дәреже алуға мүмкіндік беретін, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық бағытта әдіснамалық және зерттеу дайындығы бар, сондай-ақ ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын кәсіптік жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы докторлық бағдарламалар бойынша ғылыми, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық қызмет салалары үшін жоғары ғылыми білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Докторлық диссертацияны дайындау жоғары ғылыми белсенділікпен, академиялық ұтқырлықпен үйлеседі және жоғары ғылыми біліктілік – философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.
ДОКТОРАНТУРА (PhD)
11
Білім беру бағдарламалары:
Доктрантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау комиссиясы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы аралығында қабылдайды.
Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4 мен 20 тамызы аралығында өткізіледі.
Оқуға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Бізбен бірге шыңдал!
