«КЕСКІНДЕМЕ, МҮСІН ЖӘНЕ ДИЗАЙН» ФАКУЛЬТЕТІ
«Сәндік өнер» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Ағашты Көркемдеп өңдеу»
Оқуға түсушінің орта-кәсіби (колледж), көркемсурет білімі болуы керек (көркемсурет мектебі) немесе дарындылығы мен қабілеттілігіне қарай орта мектептен кейін де болуы мүмкін. Талапкер бейнелеу өнері теориясынан хабардар және қарапайым техникалық әдіс-тәсілдерді сауатты қолдана отырып, бейнеленген объектілердің реалистік бейнелеу заңдарына сай орындай білу керек.
1.Сурет – (иық белдеуімен орындалған портрет) (4 сағат)
Кескіндеме – (Кескіндеме (натюрморт) (4 сағат)
2.Композиция – (Сәндік композиция) (4 сағат)
«Сурет» емтиханына ұсынылған талаптар:
Тақырыбы: портрет иықпен бірге (4 сағат)
Талаптары:
– бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне композициялық тұрғыда орналастыру;
– конструктивті құрылыс және пропорциалық дәлдігі
– бөлшектердің толық түсте үлгіленуі;
– портретті нысандағы бейнеге дәл ұқсастығын келтіру керек;
– конструктивті формада талдау жасау арқылы портретті аяқтау;
«Кескіндеме» емтиханына ұсынылған талаптар:
Тақырып: (натюрморт) (4 сағат);
Талаптары:
– салынатын нысанды параққа дұрыс композициялық шешіммен орналастыру;
– құрылымдық құрастыру;
– түстік және реңдік сауатты шешім;
– бөлшектерді нақтылы түрде реңдік пішіндеу;
– тапсырманың барлық көлемін орындау.
«Композиция» емтиханына ұсынылған талаптар:
Тақырып: екі тапсырма (4 сағат)
– Графикалық композиция .
– Сәндік жабық композиция (түстік шешімде).
Талаптары:
– құзыретті графикалық шешім
– сәндік композицияның негіздерін көрсету;
– қүзыретті сәндік комбинация немесе түстердің көркем ұлесімі.
– графикалық шешімді сауатты орындау
– маңызды шығармашылық көзқарас .
– жұмысты толығымен орындау
Көлемі: А 2 өлшемдегі парақ бет.
Құралдар: гуашь, акварель, акрил, қылқалам, қарындаш, қағаз, тушь, қаламұш, сызғыш, циркуль, калька А4.