Драма театры және кино артисі

КИНОТЕЛЕДРАМАТУРГИЯ
24.04.2021
Музыкалық театры артисі
24.04.2021

Драма театры және кино артисі

6В02192 – «АКТЕРЛІК ӨНЕР» білім беру бағдарламасы

«ДРАМА ТЕАТРЫ ЖӘНЕ КИНО АРТИСІ» таңдау бейіні

(қазақ тобы)

             6В02192 «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы, «Драма театры және кино артисі» таңдау бейіні бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлердің орта немесе  арнайы орта (кәсіби колледж) білімі болуы міндетті. Талапкердің сахналық түр-келбеті, табиғи органикасы, тартымдылығы, әдемі дауыс тембрі, бейнелік зерделеу қабілеті болуы тиіс, сөз сөйлеуде тіл кемшіліктері болмау керек, сұхбат барысында өзінің шығармашылық интеллектін көрсете алғаны дұрыс. Физиологиялық деректері маңызды роль атқарады: пластикасы, есту қабілеті, шығармашылық елестету, би билей және ән сала білу (дауыс көлемі 1 октавадан кем болмауы тиіс.).

Жас шамасы: Бойының биіктігі:

қыз бала – 20 жасқа дейін – қыздар 165 см.-ден жоғары
ұл бала – 22 жасқа дейін –  ұлдар 175 см.-ден жоғары

Алғашқы шығармашылық іріктеу:

Этюд (бас-аяғы шағын оқиғасы бар, өмір құбылысының шағын көрінісі).
Прозалық шығармадан үзінді, өлең, мысал немесе сықақты (ақ өлеңмен жазылған) жатқа оқу.
Вокалдық шығарма орындау (Казақ немесе орыс халық әндері, ретро әндер т.б.).
Би орындау (классикалық, халық немесе заманауи) өз қалаулары бойынша.

      Алдын-ала шығармашылық байқаудан өткен талапкер шығармашылық емтиханға жіберіледі.

Шығармашылық емтихандар:

Актер шеберлігі және сахна тілі.
Вокал және би.

Талаптар:

      Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Проза, өлең, мысал (сатира, юмор). Оның автор сөзін игеру қабілеті, мазмұны, шынайылылығы, стильдік сипаты бағаланады.

       Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастыруға дайын болуы тиіс, этюд көрсету барысында бірден ойлап табу (импровизация) қабілеті,эмоциялық мәнерлілігі тексеріледі.

       Талапкер бір вокалдық шығарма және би орындауы тиіс. Талапкерге қимыл координациясын, музыкалық ырғақты, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі.

      Музыкалық театр және әдебиет, өнер саласынан білімі болуы керек.

      Шығармашылық емтиханға талапкер өзінің қол жеткен жетістіктерін көрсететін құжат (портфолио) әкелуі тиіс. Мысалы: өнер саласындағы дипломдары, мақалалары, суреттері, жобалалар. Құжаттардың әрқайсысы жеке-жеке файлға салынады.

(орыс тобы)

      Тыңдауға тек славян келбеті бар талапкерлер жіберіледі.

«МУЗЫКАЛЫҚ ТЕАТР АРТИСІ» таңдау бейіні

(қазақ  тобы)

       6В02192 «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы, «Музыкалық театр артисі» таңдау бейіні бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлердің орта немесе  арнайы орта (кәсіби колледж) білімі болуы міндетті. Талапкердің сахналық түр-келбеті, табиғи органикасы, тартымдылығы, әдемі дауыс тембрі, бейнелік зерделеу қабілеті болуы тиіс, сөз сөйлеуде тіл кемшіліктері болмау керек, сұхбат барысында өзінің шығармашылық интеллектін көрсете алғаны дұрыс. Физиологиялық деректері маңызды роль атқарады: пластикасы, есту қабілеті, шығармашылық елестету, би билей және ән сала білу (дауыс көлемі 1, 1,5 октавадан кем болмауы тиіс.).

Жас шамасы: Бойының биіктігі:

қыз бала – 20 жасқа дейін – қыздар 165 см.-ден жоғары
ұл бала – 22 жасқа дейін               –  ұлдар 175 см.-ден жоғары

Алғашқы шығармашылық іріктеу:

Этюд (бас-аяғы шағын оқиғасы бар, өмір құбылысының шағын көрінісі).
Прозалық шығармадан үзінді, өлең, мысал немесе сықақты (ақ өлеңмен жазылған) жатқа оқу.
Вокалдық шығарма орындау (халық әні, ретро әндер, классикалық әндер т.б.).
Би орындау (классикалық, халық немесе заманауи) өз қалаулары бойынша.

      Алдын-ала шығармашылық байқаудан өткен талапкер шығармашылық емтиханға жіберіледі.

Шығармашылық емтихандар:

Актер шеберлігі және сахна тілі.
Вокал және би.

Талаптар:

      Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Проза, өлең, мысал (сатира, юмор). Оның автор сөзін игеру қабілеті, мазмұны, шынайылылығы, стильдік сипаты бағаланады.

       Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастыруға дайын болуы тиіс, этюд көрсету барысында бірден ойлап табу (импровизация) қабілеті,эмоциялық мәнерлілігі тексеріледі.

       Талапкер әр түрлі сипаттағы екі вокалдық шығарма және би орындауы тиіс. Талапкерге қимыл координациясын, музыкалық ырғақты, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі.

      Музыкалық театр және әдебиет, өнер саласынан білімі болуы керек.

      Шығармашылық емтиханға талапкер өзінің қол жеткен жетістіктерін көрсететін құжат (портфолио) әкелуі тиіс. Мысалы: өнер саласындағы дипломдары, мақалалары, суреттері, жобалалар. Құжаттардың әрқайсысы жеке-жеке файлға салынады.

6В02192 – «АКТЕРЛІК ӨНЕР» білім беру бағдарламасы

КИНО АКТЕРІ /ЭКШН АКТЕР/ таңдау бейіні

Талапкерлерге қойылатын талаптар

Сахнадағы қимыл-қозғалыс, би және вокал

Талапкердің түр-тұлғасы, есту, сезіну, көру, қимыл қабілеті, сахналық тұлға сымбаттылығы болуы қажет. Талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді түсінуін, бойына сіңіріп қимыл-қозғалыс жасауы керек. Би түрлерінен (халықтар биі, классикалық билер, жастар билерінің ырғақты брэйк, рок-н-ролл, пантомима, акробатикалық элементтер т.б.) еркіндікте қалауынша көрсету қажет. Вокал (талапкердің қалауы бойынша бір музыкалық аспаппен қосылып ән салу). Әнді орындауда өлшем –ырғақтың дәлдігі аса қажет.

Жас ерекшеліктері бойынша 18-25 жас аралығындағы ұл-қыздар.
Актерлық шеберлікке икемділігі, этюдтар, қарасөздер оқу тіл тазалығы қаралады (әріптерде мүкістік (дефект) болмауы).
Денінің саулығы туралы анықтама, қағаз түрінде ( созылмалы аурулар, травмалар жүрек, бауыр, өкпеде операция жасалмаған болуы шарт) .
Бойы 175-180 см аралығы.
Спорт түрлерінен хабары болуы және спортпен шұғылдану керек (кәсіби спорт түрлерімен айналысқаны дұрысырақ).
Атта еркін отыруы қарастырылады.
Дене пішіні спорттық бітімге жақын болуы керек.
Түр әлпеті киноға сай келетін бейне болу керек.
Бет әлпетінде тату суреттер болмауы керек…..
Қыздарда қас-кірпік жұлынбаған табиғилық басты назарда болады.
Ағылшын тілін білгені дұрыс (еркін сөйлегені жақсырақ)

          6В02192 – «АКТЕРЛІК ӨНЕР» білім беру бағдарламасы

СӨЗ СӨЙЛЕУ ЖАНРЫНЫҢ АРТИСІ (қазақ тобы)

Талапкердің дауыс тембрі әдемі, әрі диапазоны кең, физиологиялық тіл кемшілігі  жоқ, іштей органикасы бар, темпо – ритмді сезе білу және есту қабілеті бар жеке-жеке шығармашылыққа икемді ұл мен қызға қойылады. Сахналық көркем, табиғи органикасымен, тартымдылығын және әңгімелесу кезінде театр өнері  бойынша  білімділігін  көрсете білу керек.

Жас шамасы:                                                  Бойының биіктігі:

қыздар 17-20 жасқа дейін – қыздар 165 см. жоғары
ұлдар 18-22 жасқа дейін –  ұлдар 175 см. Жоғары

Шығармашылық емтихандар:

Актер шеберлігі
Сахна тілі
Сахна қозғалысы
Вокал

Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Проза, өлең, мысал (сатира, юмор). Ән мен биге бейімділігі тексеріледі. Талапкерге қимыл кординациясын, музыкалық ырғақты, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Аяқ астынан ойлап табу қабілеті мен ой жүйріктігі тексеріледі.

Талапкердің сахналық түр келбеті болуы тиіс, физикалық жағынан және сөз сөйлеу мәнерінен кемшіліктер болмауы тиіс. Тыңдау қабілеті, ритм, сезім, музыка, аспапта ойлау,  ән салу қабілеті болуы керек.

Талапкердің білімін, ой өрісін, дүние-танымын, талғамын тексеру мақсатында жан-жақты сұрақтар беріліп, сұхбат өткізіледі. Әлем әдебиеті мен өнер жайында (кино, театр, телевидение, бейнелеу өнері т.б.) білім деңгейі тексеріледі.

Тілдің тазалығы мен әр сөздің анық болуы шарт.

Прозадан (үзінді жатқа оқу);
Мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу;