АРТИСТ ФИЗИЧЕСКОГО ТЕАТРА

АРТИСТ РЕЧЕВОГО ЖАНРА
18.04.2019
Художественный грим
18.04.2019

«Физикалық театр артисі» мамандандыруы

Талапкерлерге және бағалаудың «кірістік» сынақтық процедураларына, нормаларына (критериилеріне) қойылатын талаптар:

        «Актерлық өнер» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынына түскісі келетін талапкерлердің орта білімі немесе кәсіби орта білімі болуы міндет. Талапкерлер өзінің мәдени дәрежесін, ойлау қисынын, талғамын, жігер қажырын, музыкалылығын, дене сымбаттылығын, көрсете білуі шарт. Тілі мен дауысы таза болуы керек. Жас шамасы 18-23 дейін болуы қажет.

Шығармашылық емтихандар:

          «Актер шеберлігі». Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Проза, өлең, мысал, (сатира, юмор). Ән мен биге бейімділігі тексеріледі. Талапкерге қимыл координациясын, музыкалық ырғақты, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Аяқ астынан ойлап табу қабілеті мен жүйрік тапқырлығы тексеріледі.

— Музыкалық әуенді тыңдауы, қайталауы, өлшем –ырғақтағы дәлдігі. Ән айтуы.

— Физикалық дене болмысының созылуы, жинақылығы, акробатикалық элементтерге бейімділігі (спортқа шыныққандығы)

— Этюд жасағанда, жан-жануарлардың, адамның қимыл-қозғалыстары мен мінез ерекшеліктері бойынша құрылуы қажет.

Актер шеберлігі. Сахна тілі.

         Талапкердің білімін, ой-өрісін, дүние танымын, талғамын тексеру мақсатында жан-жақты сұрақтар беріліп, сұхбат өткізіледі. әлемдік әдебиет пен өнер жайында (кино, театр, телевиление, бейнелеу өнері т.б.) білім деңгейі тексеріледі.

Талапкер автордың айтайын деген ойын, талап-тілегін тыңдаушысына толық жеткізе білуі керек: Тілдің тазалығы мен әр сөздің анық болуы шарт.

— прозадан (үзінді жатқа оқу)

— поэзия (жатқа оқу)

мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу

— вокал (талапкердің қалауы бойынша бір музыкалық аспаппен қосылып ән салу)

Этюд (басты-аяғы шағын оқиғасы бар, өмір құбылысының сахналық көрінісі)

— пародия (әзіл-сықақ әжуа)

— қара сөз (әдеби шығармадан үзінді) Ақ өлең

— сөз сөйлеуі, дауыс ырғағындағы үн әуездігі (жаңылтпаш, мысал, өлең шумақтары)

Сахнадағы қимыл-қозғалыс және би.

          Талапкердің түр-тұлғасы, есту, сезіну, көру, қимыл қабілеті, сахналық көркемділігі болуы қажет. Талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді түсінуі бойына сіңіріп қимыл-қозғалыс жасауы керек. Би түрлерінен (халықтар биі, классикалық билер, жастар билерінің ырғақты брэйк, рок-н-ролл, пантомима, акробатикалық элементтер т.б.) еркіндікте қалауынша көрсету керек. Бойы дене құрылысы сахналық қалыпқа сай болуы қажет.

           Жігіттердің бойы 175-дан жоғары, жасы 17-23, қыздардың бойы 170-тен жоғары, жасы 17-21 болуы керек.

 

Специализация АРТИСТ ФИЗИЧЕСКОГО ТЕАТРА

         Поступающий должен иметь среднее или среднеспециальное образование. Поступающий должен обладать выразительной внешностью, природной органикой, обаянием, красивым тембром голоса, не иметь речевых дефектов, быть пластичным, с хорошим слухом, чувством ритма, обладать творческой органикой, способностью к образному мышлению. Уметь танцевать, при собеседовании проявить творческий интеллект, знания о сценическом искусстве. Парни должны быть ростом выше 175см, девушки ростом выше 170см. Возраст: девушки — от 17 до 21 года, юноши — от 17 до 22 года.

Предварительный творческий конкурс:

1. Прочитать: басню, стихотворение, отрывок прозы.

2. Исполнить танцевальный номер, пластический этюд.

3. Показать сценический этюд.

4. Исполнить песню.

Творческие экзамены:

           «Мастерство актера», «Сценическая речь» — Поступающий должен прочитать произведения различных жанров: стихотворение, басню, (сатира, юмор), короткий рассказ или отрывок из прозаического произведения, монолог. Экзаменующийся должен быть готов показать этюд на действие в заданных обстоятельствах, что дает возможность проверить его способность к импровизации, степень эмоциональной заразительности, воображение.

           «Сценическое движение, танцы и вокал» Абитуриенту будут предложены упражнения на проверку координации движений, музыкального ритма, реакции, внимания. Поступающий должен исполнить по своему выбору движений на музыкальный материал для определения метра — ритма музыки и чувства, интуицию. Необходимо продемонстрировать свободу танца (народный танец, классический танец, рок-танец, рок-н-ролл, пантомима, акробатические элементы и т. д.). Вокал (пение на музыкальном инструменте по выбору).