АКТЕР МУЗЫКАЛЬНОГО ТЕАТРА

АКТЕР ДРАМАТИЧЕСКОГО ТЕАТРА
24.01.2018
ПЕДАГОГ ХОРЕОГРАФИИ
24.01.2018

АКТЕР МУЗЫКАЛЬНОГО ТЕАТРА

 «ТЕАТР ӨНЕРІ» ФАКУЛЬТЕТІ
6В02107 – «АКТЕРЛІК ӨНЕР» білім беру бағдарламасы

 

«МУЗЫКАЛЫҚ ТЕАТР АРТИСІ»

білім беру бағдарламасының аймағы

 (қазақ, ұйғыр  топтары)

 

       «Музыкалық театр артисі» білім бағдарламасы траекториясыбойыншажоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлердің кәсіби музыкалық білімі болуы тиіс (арнайы орта музыка мектебі, арнайы орта кәсіби өнер, музыка колледждері, музыка, өнер бөлімдері бар педагогикалық колледждер, 7 жылдық балалар музыка мектебі). Одан өзге, арнайы музыкалық білімі жоқ, бірақ дарынды, дауыс диапазоны кең, тембрі ерекше, музыкалық есту қабілеті жоғары, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары қабылданады. Талапкерлер қабылдау комиссиясының емтихандарынан өтіп, кейін оқуға түскен жағдайда музыка теориясы және фортепиано пәнінен арнайы курстан өтулері міндеттеледі.

      Талапкерлер өзінің мәдени дәрежесін, ойлау, зерделеу, музыкалық қабілетін, көркемдік талғамын, жігер-қайратын, дене сымбаттылығын көрсете білуі шарт. Дикциясы анық, таза, әншілік дауысы қуатты, бояуы құлаққа жағымды, дауыс көлемі 1,5 октавадан кем болмауы тиіс.

 

                         Бойының биіктігі:

  •  қыздар 165 см. жоғары
  •  ұлдар 175 см. жоғары

Алғашқы шығармашылық байқау:

  1. Этюд (бас-аяғы шағын оқиғасы бар, өмір құбылысының шағын көрінісі).
  2. Прозалық шығармадан үзінді, өлең, мысал немесе сықақтыжатқа оқу. Ұйғыр тобына тапсырушы талапкерлер ұйғыр тілінде оқуы тиіс.
  3. Вокалдық шығарма орындау (халық әні, ретро әндер, классикалық әндер т.б.). Ұйғыр тобына тапсырушы талапкерлер әнді ұйғыр тілінде орындауы тиіс.
  4. Би орындау (классикалық, халық немесе заманауи) өз қалаулары бойынша.

      Алдын-ала шығармашылық байқаудан өткен талапкер шығармашылық емтиханға жіберіледі.

 

Шығармашылық емтихандар:

  1. Актер шеберлігі және сахналық сөйлеу
  2. Вокал және би

Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек: проза, өлең, мысал (сатира, юмор). Талапкердің автордың ой-толғанысын, мазмұнын, стильдік табиғатын жеткізе білуі бағаланады.Талапкер әртүрлі сипаттағы екі вокалдық шығарма және би орындауы керек.

Талапкердің қимыл-координациясын, музыкалық ырғақты, реакциясын, зейінін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Емтихан тапсырушы ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, өзінің суырыпсалмалық мүмкіндігін, эмоциялық мәнерлік деңгейін көрсетуге дайын болуы тиіс.

Әлем әдебиеті мен өнері, музыкалық театр жайлы білім деңгейі тексеріледі.

 

 

ФАКУЛЬТЕТ «ТЕАТРАЛЬНОЕ ИСКУССТВО»

образовательная программа  6В02107 «АКТЕРСКОЕ ИСКУССТВО»

 Траектория образовательной программы “АРТИСТ МУЗЫКАЛЬНОГО ТЕАТРА” (казахская, уйгурская группы)

      Поступающий абитуриент на траекторию образовательной программы «Артист музыкального театра» должен иметь музыкальное образование (средняя специализированная музыкальная школа, средние специальные колледжи искусств, культуры, педагогические колледжи имеющие отделения музыки, культуры, 7-летняя детская музыкальная школа). Кроме этого принимаются лица, не имеющие музыкальное образование, но особо одаренные абитуриенты с широким диапазоном, приятным тембром голоса, музыкальным слухом, лауреаты международных, республиканских конкурсов.  После прохождения экзаменов приемной комиссии, не имеющие музыкальное образование абитуриенты в случае их зачисления в число студентов, должны обязательно пройти курс по теории музыки и фортепиано.

      Абитуриент должен обладать способностью к образному мышлению, музыкальностью, художественным вкусом, гибкостью тела, выразительной внешностью, природной органикой, обаянием.  Четкой, ясной дикцией, хорошим певческим голосом с приятным тембром, диапазон голоса должен быть не менее 1,5 октавы.

 

Рост:

девушки- от 165 см. и выше;

юноши- от 175 см. и выше.

 

Предварительный творческий отбор:

  1. Этюд (с небольшими событиями, имеющие начало и конец сценической картины жизненного явления).
  2. Прочитать наизусть(отрывок из прозаического произведения, стихотворение, басня, сатира). Абитуриенты поступающие в уйгурскую группу читают поэзию на уйгурском языке.
  3. Исполнить песню (народную, ретро или классическую). Абитуриенты поступающие в уйгурскую группу, исполняют песню на уйгурском языке.
  4. Исполнить танец (классический, народный или современный) по выбору;

     Абитуриент прошедший предварительный творческий отбор получает допуск к творческим экзаменам.

 

Творческие экзамены:

  1. Мастерство актера, Сценическая речь;
  2. Вокал и танец.

Требования:

      Поступающий должен прочитать наизусть произведения из различных литературных жанров: стихотворение, басню (сатира, юмор). Оценивается его способность овладения авторским словом, его содержательностью, действенностью, стилевой природой. Абитуриент должен исполнить две разнохарактерные вокальные произведения и танец.

      Абитуриенту будут предложены упражнения на проверку координации движения, музыкального ритма, реакции, внимания.

      Экзаменующийся должен быть готов выполнить этюд на действие в заданных обстоятельствах, который дает возможность проверить его способность к импровизации, степень эмоциональной выразительности. Иметь знания в области музыкального театра и литературы, искусства.

 

Виртуальный ассистент